Баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 10-ынан 31-іне дейін Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтеді.
Аталған акцияның шеңберінде құжаттарды тексеру күшейтілмек. Елорда тұрғындары мен қонақтары түсіністікпен қарап, құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсеткен дұрыс. «Құқықтық тәртіп» шарасының басты міндеті елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тіркелмеген азаматтарды анықтау.
Шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу шеңберінде қолға алынып отыр.