Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысының тұрғынынан бір пакет есірткі табылды

Ұлытау облысының тұрғынынан бір пакет есірткі табылды

Ұлытау облысында полицейлер аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын заңсыз сақтаған және таратпақ болған адамды ұстады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

32 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Ұстау кезінде және оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында мынандай заттар табылды:

  • Кондиционер қорабынан үш түйіншек;
  • Үйінен тағы бес түйіншек;
  • Бес электронды таразы;
  • Қаптама материалдары мен оқшаулағыш таспа.

Бұл табылған заттар есірткіні сату мақсатында сақталғанын дәлелдейді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 700 грамнан асады. Бұл – аса ірі партия ретінде тіркеледі. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі таңдалды.