Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда алдағы тәулікте күн тағы ысиды

Қазақстанда алдағы тәулікте күн тағы ысиды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн тағы ысиды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 тамыздан бастап Иран аймақтарынан Қазақстанның оңтүстігіне қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Бұл өз кезегінде күндізгі ауа температурасының +35…+41°С дейін көтерілуіне әкеледі.

Ал солтүстік өңірлерде керісінше, суық ауа массаларының ықпалы сақталады – жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Exit mobile version