Басты бетЖаңалықтарҰлттық қауіпсіздік комитеті 45 атыс қаруын тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 атыс қаруын тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде өткізген жедел шаралардың нәтижесінде 45 атыс қаруын тәркіледі. Бұл туралы комитеттің ресми сайты хабарлап отыр.

Шілде айында прокуратураның үйлестіруімен ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында бірқатар жедел іс-шара өткізілді.

45 атыс қаруы, оның ішінде алты Калашников автоматы, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшылық мылтық, жеті шолақ мылтық, сонымен қатар алты граната, екі тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ақмола облысындағы кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы жойылды. 20 кг жарылғыш зат тәркіленген болатын.