Басты бетЖаңалықтарТалғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді

Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді

Ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді. Бұл туралы Алматыдағы қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлап отыр.

Бірлестіктің мәліметінше, қоштасу рәсімі 6 тамыз күні сағат 09:00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді. Одан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады. Талғат Мұсабаев Кенсай зиратында жерленеді.

Еске салайық, кеше Қазақстанның ғарышкері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.