Басты бетЖаңалықтарЕлімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады

Елімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады

Елімізде азық-түлік ваучері пилоттық жобасы іске қосылады. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қойылатын 15% сауда үстемесін бақылау күшейтіледі және халықтың әлеуметтік осал санатына арналған атаулы қолдау шараларын жүзеге асырғалы жатырмыз. Сонымен қатар тиімді басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын талдау модулі іске асырылады, — деді Арман Шаққалиев үкімет отырысында.

Пилоттық жоба шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучері беріледі.

Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қаласында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оған 1 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді. Жоба өңірлерге сапар барысында парламент депутаттары тарапынан қолдау тапты және қоғамдық талқылаудан сәтті өтті, — дейді ведомство басшысы.