Басты бетЖаңалықтарМинистр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты

Министр ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімінің негізгі себептерін айтты.

Бүгінде жүйелі шараларға қарамастан, алты өңірде — Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай, Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ана өлімінің өсуі байқалады. Ал Ақмола облысындағы статистика республикалық көрсеткіштен жеті есе жоғары болып тұр. Ана өлімінің басым себептері: ауыр экстрагенитальды аурулар — 55 % (10 жағдай) және акушерлік жағдайлар – 45 % (8 жағдай). Әрбір жағдай бойынша жан-жақты сараптама жүргізіледі, — деді Ақмарал Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Абай облыстарында нәресте өлімі жоғары болып отыр.

Нәресте өлімінің негізгі себептері:

  • перинаталдық кезеңдегі жағдай (47,7%);
  • туа біткен ақаулар (19,6%);
  • тыныс алу ағзаларының аурулары (7,6%).