Басты бетЖаңалықтарERG-дің «БЕРЕКЕ 2004» вагон жөндеу кәсіпорны 20 жылдығын тойлады

ERG-дің «БЕРЕКЕ 2004» вагон жөндеу кәсіпорны 20 жылдығын тойлады

Екібастұздағы теміржол саласының маңызды кәсіпорындарының бірі – ERG құрамындағы «ТрансКом» көлік тобына кіретін «БЕРЕКЕ 2004» ЖШС 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

Салтанатты іс-шара «Самғау» залында өтіп, оған кәсіпорын ардагерлері мен жас қызметкерлер қатысты.

«БЕРЕКЕ 2004» тарихы Екібастұз локомотив жөндеу депосынан басталады. Бүгінде кәсіпорын заманауи өндірістік базаға ие, күрделі жөндеуден өткен 2810 вагон мен 11 локомотиві бар. Мерейтой «БЕРЕКЕ 2004: еңбек пен сенімнің 20 жылы» деген атаумен өтті.

Іс-шарада «ТрансКом» ЖШС бас директоры Ердоc Қашағанов кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері мен қызметкерлерінің кәсібилігіне тоқталды.

Фото: ERG

Біздің кәсіпорнымыз Қазақстанда тепловоз, дизель пойыз, электровоз және электр пойызына қатар қызмет көрсете алатын жалғыз компания. Қазір айына 200-ден астам жартылай вагон жөндеуге қауқарлымыз, — деді ол.

Мерекелік жиында өндірістегі үздік қызметкерлер «ТрансКом еңбек ардагері» атағы мен «ERG еңбектегі ерлігі үшін» төсбелгісі сияқты марапаттарға ие болды. Сонымен қатар қаланың әртүрлі көшелеріне кәсіпорын дамуына үлес қосқан еңбеккерлердің портреттері бейнеленген билбордтар орнатылды.

«БЕРЕКЕ 2004» ЖШС бас инженері Мағауия Қосанұлы Назенов кәсіпорынның алғашқы күндерінен бастап бірге келе жатқанын айтып, өндірісті жаңғыртудағы жетістіктері туралы айтып берді.

Біз вагон мен локомотивтердің күрделі жөндеуін меңгеріп, цехтарды қайта құрдық, заманауи құрал-жабдықтар сатып алдық. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді, — деді ол.

Ал кәсіпорын директоры Бейбіт Мырзасейітов қызметкерлердің кәсібилігі мен ұйымшылдығына тоқталды.

Қиындықтарды бірге еңсеріп, үлкен жетістіктерге жеттік. Осы мерекенің артында сіздердің ерен еңбектеріңіз тұр. Ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін рахмет, — деп алғыс білдірді.

Мерекелік кештің соңында Павлодар облысының үздік шығармашылық ұжымдары мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысқан концерт өтті.