Басты бетЖаңалықтарАстанада алаяққа алданған ер адам көлігінен айырылды

Астанада алаяққа алданған ер адам көлігінен айырылды

Астанада алаяққа алданған ер адам көлігінен айырылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Астана тұрғыны хабарландыру сайтынан пәтерді көлікке айырбастау туралы тиімді ұсынысты көрген. Оған бірден келісіп, «пәтер иесінің» толық құжаты, тіпті, айырбас келісімшарты болмаса да, 8,5 миллион теңгенің көлігін бере салған. Ал хабарландырудың авторы көлік кілтін алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. Сол кезде жәбірленуші алаяққа алданғанын түсініп, полицияға арыз жазған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтың кім екені анықталды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, — делінген хабарламада.

Осы орайда полиция жылжымайтын мүлік пен көлікке байланысты кез келген мәмілені заң талаптарына сай жасау қажеттігін ескертеді. Алаяқтар тиімді айырбас ұсынысы арқылы адамдарды жиі алдайды.