Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында марихуана таратқан фитозертхана анықталды

Жетісу облысында марихуана таратқан фитозертхана анықталды

Жетісу облысында марихуана таратқан фитозертхана анықталды. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Жедел бақылау нәтижесінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес заты салынған зип-пакеттер табылған екі қаптама снек сатып алынған. Сот сараптамасы бұл заттың марихуана екенін растады – салмағы 2,5 грамм, — делінген хабарламада.

Күдікті – 36 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны. Оның үйін тінту барысында мынадай заттар тәркіленді:

  • шығу тегі белгісіз тұқымдар салынған жеті қаптама;
  • қолдан жасалған шылым шегуге арналған құрылғы;
  • қоңыр түсті ұнтақ салынған зип-пакет;
  • тыңайтқыш құйылған жеті бөтелке;
  • қарасораға ұқсас өсімдігі бар екі гүлсауыт.

Сараптама нәтижесінде алынған заттың 18 грамы – кептірілмеген қарасора, 34 грамы – кептірілген марихуана. Сонымен қатар каннабис тектес өзге де заттар тіркелген. Тергеу барысында күдіктінің үйінде арнайы жарықтандыру құралдарымен жабдықталған, тыңайтқыштар пайдаланылған фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды. Онда өсірілген өнім азық-түлік өнімдерінің арасына жасырып, тұтынушыларға өткізілген, — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.