Басты бетЖаңалықтарҮкімет арзандаған азық-түлік өнімдерін атады

Үкімет арзандаған азық-түлік өнімдерін атады

Үкіметте шілде айындағы инфляция мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қаралды. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлап отыр.

Өткен айда жылдық инфляция 11,8% деңгейінде сақталды. Ал азық-түлік инфляциясы 11,2% болды. Тауарлар мен қызметтердің айлық бағасының өсу қарқыны 0,8%-ға жетіп, маусым айымен салыстырғанда 0,1%-дық тармаққа төмендеді, — делінген ресми хабарламада.

Арзандаған тауарлар:

  • сәбіз — 9,1%-ға;
  • картоп — 7,9%-ға;
  • пияз — 1,8%-ға;
  • күріш — 0,6%-ға;
  • жұмыртқа — 0,1%-ға.

Ал нан, макарон және сүт өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ. Дегенмен, қымбаттаған азық-түлік өнімдері де бар. Қырыққабат бір айда 12,3%-ға қымбаттағанымен, шілденің соңғы аптасында бағаның төмендеу тенденциясы байқалды. Тауық еті 2,6%-ға қымбаттады. Сиыр етінің баға өсімі бәсеңдеп, 1,4% болды, бұл сыртқы сұраныс тұрақты болғанына қарамастан нарықтың тұрақталуына оң әсерін тигізеді, — дейді үкімет мүшелері.