Басты бетЖаңалықтарАлматыда қылмыстық топ ұсталды

Алматыда қылмыстық топ ұсталды

Алматыда миллиондаған қаражатты заңсыз иемденген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр.

Қылмыстық топ құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысып, жалған мәліметтерді қолданған.

Қылмыстық схемаға қатысушылар 2021 жылдан 2024 жылға дейін жалған компаниялар арқылы құрылыс жұмыстарын жүргіземіз деп тендерлерге қатысқан. Рейтиңдерін көтеру мақсатында қолдан жасалған құжаттар мен жалған мәліметтерді пайдаланған, — делінген хабарламада.

Мұндай қызмет үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған жалпы табыс 664 миллион теңгеден асқан. Бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік: бес тұрғын үй мен жеті жер учаскесі сатып алынған, — делінген хабарламада.

Тергеу болжамы бойынша, заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бірқатар ұйыммен жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жуық келісімшарттар жасалған. Төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.