Басты бет Жаңалықтар Маңғыстау облысында колледж бухгалтері 243 миллион теңге жымқырған

Маңғыстау облысында колледж бухгалтері 243 миллион теңге жымқырған

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Маңғыстау облысында бас есепші бюджет қаражаттарын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.

Тексеру нәтижесінде колледждің бас есепшісі іссапар, шәкіртақы төлемдері және салық міндеттемелеріне бөлінген 243 миллион теңгені өзінің жеке шотына заңсыз аударғаны белгілі болды.

Бұл әрекет қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» ретінде сараланып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

2025 жылғы 9 шілдеде Маңғыстау аудандық соты бас есепшіні қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар сотталушы 10 жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Exit mobile version