Маңғыстау облысының Күрік ауылында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлап отыр. Кадрлардан ондаған баланың қатысуымен болған қақтығысты байқауға болады. Куәгерлер түсірген видеодан жасөспірімдердің бір-біріне таяқ және тас лақтырып жатқанын көруге болады. Оқиға орны ауыл ішіндегі ашық алаңқайға ұқсайды. Дау-дамайдың нақты себебі әзірге белгісіз.
ПД мәліметінше, қақтығысқа қатысқан барлық жасөспірім анықталып, олар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-аналары да бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.