Басты бетPushАҚШ Ресейге жақын аймақтарға ядролық қаруы бар сүңгуір қайықтар жіберді

АҚШ Ресейге жақын аймақтарға ядролық қаруы бар сүңгуір қайықтар жіберді

АҚШ Ресейге жақын аймақтарға ядролық қаруы бар сүңгуір қайықтар жіберді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеп отыр.

Бұған дейін Ресейдің бұрынғы президенті және Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев әлеуметтік желіде Дональд Трампқа қайырылып, оның Ресейге қатысты ультиматумдары «соғысқа қадам» болуы мүмкін екенін айтқан.

Бұл – ақымақтық. Арандатушы мәлімдемелер одан да қауіпті бірдеңеге айналып кететін болса, тиісті аймақтарға екі атомдық сүңгуір қайықты орналастыруды бұйырдым. Сөз – өте маңызды. Олар кейде күтпеген салдарға алып келуі мүмкін. Бұл жолы олай болмайды деп үміттенемін. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рахмет! – деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде.

Дмитрий Медведев Дональд Трампты АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің жолымен жүрмеуге шақырған. Бір айта кетерлігі, екі саясаткер кейінгі күндері бір-біріне қарата бірнеше мәлімдеме жасады.