Нұрсұлтан Назарбаев: Құнсыздану іс жүзінде әлемнің барлық валюталарын қамтыды

«Энергия тасымалдаушылар бағасының құлдырауы салдарынан көптеген елдерді қамтыған экономикалық дағдарыс барша әлемдік экономикаға және оның ажырамас бөлшегі ретінде біздің елімізге де байыпты ықпал етеді. Осынау қиын-қыстау уақыт елдің алдына өте күрделі міндеттер мен сын-қатерлерді жүктеп отыр», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық ахуалдың күрделеніп, жетекші мемлекеттер арасындағы теке-тірестің өрши түскендігін, санкциялық сарсаңның күшейгендігін баса айтты.

«Сарапшылардың басым бөлігі «қырғи-қабақ соғыс» аяқталған сәттен бері әлемдік державалар арасындағы келіспеушілік қазіргідей жағдайға жеткен жоқ, деген ортақ пікірге келіп отыр.  Мұндай жағдайда өңірлік жанжалдың жаңа ошақтары пайда болады. Мұны біз көріп те отырмыз. Лаңкестік қатер арта түседі. Босқындардың жаһандық толқыны ғаламшардың жаңа өңірлеріне жайыла түсуде. Әлемдік сауда көлемі құлдырауда, қаржы нарықтарының құлауы орын алуда. Құнсыздану іс жүзінде әлемнің барлық валюталарын қамтыды. Мұның барлығы да өңірлік және ұлттық экономикаға теріс ықпал етеді», — деді Н.Назарбаев.

ДереккөзҚазАқпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Таиландта комаға түскен қазақстандық қаза болды

Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық Артур Ысқақов қаза болды. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде әпкесі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электрон билет сату жүйесімен және Алматыдағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың 10 өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.

Президент интернеттегі авторлық құқықты сақтау туралы заңды ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД шеңберінде интернеттегі авторлық құқықты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter-парақшасында құттықтау жариялады. 

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 маусымға арналған бағамын белгіледі.