Басты бетPushАҚШ Қазақстан тауарларына 25% баж салығын салды

АҚШ Қазақстан тауарларына 25% баж салығын салды

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылғы 31 шілдеде жаңа жарлыққа қол қойып, бірқатар елдерден жеткізілетін тауарларға қосымша баж салығын енгізді.

АҚШ билігінің тізімінде Қазақстан да бар. Жаңа жарлыққа сәйкес, Қазақстаннан АҚШ-қа импортталатын тауарларға қосымша 25% тариф енгізіледі.

АҚШ билігі әр елге әртүрлі тариф енгізген. Мысалы, Үндістан, Малайзия, Индонезия және Тайланд сияқты елдерге 19-25% аралығында баж салығы салынса, Лаос пен Мьянмаға 40% салық енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан импортталатын тауарға 25% баж салығын енгізетінін ескерткен.