Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келеді. Бұл туралы Aқорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, — деп жазылған хабарламада.
Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді.