Басты бетЖаңалықтарАуыл тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотталды

Ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотталды

БҚО тұрғыны әлеуметтік желіде билік өкілін балағаттап, қорқытқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы облыстық сот хабарлап отыр.

Сотталған азамат Шыңғырлау ауылында отырып Facebook әлеуметтік желісі арқылы қызметтегі лауазымды тұлғаны өлтіремін деп қорқытып, балағаттаған.

Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушының пікірі қорлау сипатында екені және әдепсіз сөздерден тұратыны анықталды.

Пікірде жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендететін сөздер, сонымен қатар денсаулыққа қатер төндіру белгілері бар, — делінген хабарламада.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды: асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын, кінәсін шынайы мойындауын, ауырлататын факторлардың жоқтығын ескерді. Нәтижесінде оған бір жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Ол пробациялық бақылауда болады және бүкіл мерзім ішінде жыл сайын 100 сағаттан қоғамдық жұмыстарға тартылады.