2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде Алисасы бар Yandex ақылды колонкаларының сатылымы Қазақстанда 60% өсті. Ең танымал модель — Станция Лайт. Өсімге жаңа үлгілердің пайда болғаны мен қазақ тіліндегі Алисаның іске қосылғаны әсер етті.
Сатылымның 33%-ы алғашқы буындағы Станция Лайтқа тиесілі. Жаңа дизайны мен эмоциялық синтезі бар Станция Лайт 2-нің үлесі — 19%, Станция Мини 2-нікі — 17%. Жаңа жыл мен 8 наурыз қарсаңы — сұраныс ең көп болған кез.
Функционалды құрылғыларға сұраныс артып жатыр: Станция Миди сатылымы 237% өсіп, көш бастады. Оның құрамында нейропроцессор мен Zigbee модулі бар. Екінші орында экраны бар Станция Дуо Макс (өсім — 166%) тұр.
Кейінгі жылы бес жаңа колонка шықты, олар: Станция Лайт 2, Мини 3 және 3 Про, портативті Станция Стрит, сондай-ақ сағаты жоқ Лайт 2.
Ақылды үй құрылғыларына да қызығушылық артып келеді: розеткалар, шамдар, хабтар мен түрлі датчиктер сатылымы 77% өсті.