Теледидар
Әр үйде электр энергиясы заманауи плазма және LCD теледидарларына міндетті түрде жұмсалады. Сондай-ақ бұл тізімге компьютер мониторын да енгізсеңіз болады. Егер 17 дюймді кинескопты теледидарды қосулы қалдырсаңыз, 190 кВт/сағ электр энергиясының жұмсалатынын білесіз бе? Алайда, құрастырушылар теледидар моделіне үнемдеу режимін қосуды ұмытпаған. Егер осы режимде теледидар көрсеңіз, жылына 130–135 кВт/сағ энергияны үнемдей аласыз.
Компьютер
Заманауи компьютерлерде де арнайы электрэнергиясын үнемдеуге арналған режим бар. Егер ол автоматты түрде қосылмаса, режимді іске қосып қоюды ұмытпаңыз. Себебі ол әуелдегі режиммен салыстырғанда 50 %-ға дейін энергияны үнемдейді.
Шаңсорғыш
Электр энергиясын бұл құрал да үнемдей алады. Ол үшін шаң жинайтын мөшегін уақытылы тазартып, ауа тазартуға арналған фильтірін ауыстырып отыруды әдетке айналдырыңыз.
Ұялы телефон
Ұялы телефонның қуаттағышы розеткада қосулы қалса да, энергияны алатынын білесіз бе? Қуаттағыш розеткада қалған жағдайда 95 %-ға дейін мүмкін шамада энергия текке жұмсалады.
Электр плитасы
Егер ыдыс электр плитасының конфорогына сай болмаса, 10%-ға дейін электр энергиясы құрдан-құр жұмсалады. Мұның алдын алу үшін қазан, шәйнек, таба немесе электр плистасын бар ыдыстарыңызға сәйкестендіріп алу қажет. Сондай-ақ тамақ әзірлеу кезінде ыдыстың бетін қақпағымен жауып қою электр энергиясын 20%-ға дейін үнемдейтінін ескергеніңіз жөн.
Кір жуатын машина
Кір жуатын машинаның себебінен екі жағдайда: жуылатын киімнің шамадан тыс көп болуы (10-15%-ға артық электр энергияны) және бакты толтырмай кір жуған уақытта (30%-ға артық электр энергияны) қалыпты жағдайдан көп мөлшерде жұмсайды.
Тоңазытқыш
Тоңазытқыш жылу бөлетін құрылғылардан қашық жерде, салқын орында тұруы тиіс. Егер ол 30 градусқа дейін жылы бөлмеде тұрса, электр энергиясы 100%-ға дейін артық жұмсалады.