Басты бетЖаңалықтарАлматыда мейрамхана ғимаратынан өрт шықты

Алматыда мейрамхана ғимаратынан өрт шықты

Алматының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан мейрамхана ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы ТЖД хабарлап отыр.

Оқиға Бегайыл көшесінде тіркелді. Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша дереу жетіп, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етіліп, бірнеше су оқпаны қолданылды.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 625 шаршы метр болды. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 жүйесіне түспеген. Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ.