Қоғамдық орындарға барып ас ішу құны өсті. Ұлттық статистика бюросы бұл қызметтің бір жылда 13%-ға қымбаттағанын мәлімдеп отыр.
Маусым айында асханаларда түскі ас 2,2%-ға қымбаттаса, мейрамханаға бару 2,1%, ал фаст-фуд бағасы 1,7%-ға көтерілді.
Әсіресе, Астанада тамақтану қызметтерінің бағасы бір айдың ішінде 4,3%-ға өскен. Керісінше Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында баға сәл ғана көтерілген. Жылдық динамикаға келетін болсақ, ең жоғары өсім Қарағанды облысында тіркелді, онда бағалар бірден 23%-ға қымбаттады, — делінген хабарламада.
ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мейрамханалар мен кафелер қызметінің құны орта деңгейде. ТМД-ның 10 елінің рейтиңінде Қазақстан McDonald’s мейрамханасындағы McMeal тамақ жиынтығы және арзан мейрамханада түскі ас құны бойынша бесінші орынды, ал орташа баға санатындағы мекемеде екі адамға арналған түскі ас бағасы бойынша үшінші орында тұр.
Mcmeal және арзан мейрамханалардағы тағамдардың ең төменгі бағасы Өзбекстанда, ал орта санаттағы мейрамханада екі адамға арналған ең қолжетімді түскі ас Тәжікстанда тіркелген.