Алматыда биіктен құлаған студент қыз қаза болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Желідегі мәлімет бойынша, 1-курс студенті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секірген.
Алматының полиция департаменті бұл дерек растап, қылмыстық іс қозғады.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.