Басты бет Жаңалықтар Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы өсті

Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы өсті

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы артуда.

Нью-Йорктің тауар биржасында WTI маркалы жеңіл мұнайға маусымдық фьючерстер 0,78%-ға, баррелінің бағасы $46,24 дейін өсті. Лондондық ICE Futures биржасында шілде айындағы жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,68%-ға, баррелінің бағасы $49,06 дейін жетті.

Еске сала кетейік, мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы шикізат қоры бойынша мәліметтері шыққаннан кейін “қара алтынның” шамадан тыс көп болуы мүмкін деген болжам-қатері туындаған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version