Басты бетЖаңалықтарАлматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

30 шілде күні сағат 21:00-ден бастап 31 шілде күні сағат 07:00-ге дейін Момышұлы көшесінен бастап Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.