Қызылорда облысында егін алқабын сумен қамтуға 1 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Үкімет резервінен бөлінген ақша 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға жұмсалуы қажет. Соның арқасында магистральді арналарда су деңгейі төмен болғанда 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік болады.
Қазіргі кезде облыста 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген. Соның 82,4 мың гектары – күріш. Барлығына 2,5 миллиард текше метр су қажет болады, – делінген хабарламада.
Облыс әкімдігі «Қазсушар» РМК-нің Қызылорда филиалымен бірлесіп, арнайы мониторинг тобын жасақтады. Сырдариядан келіп жатқан су көлеміне қарай бес магистральді және үш шаруашылықтар аралығындағы арналарға су беру кестесі бекітілді.