Басты бетЖаңалықтарБақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті

Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілікті.

Шілде айының басында Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына жаза мерзімін қысқарту жөнінде өтініш білдірген болатын. Степногор қалалық соты Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа байланысты өтінішін қарап, оны қанағаттандырды. Сот оның өтелмеген жазасын қысқартқан.

Сот қаулысымен Б.-ға қатысты жазаның өтелмеген бөлігі үштен бір бөлігіне қысқартылды және түпкілікті өтеуге бір жыл төрт ай 17 күн бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді, — делінген хабарламада.

Сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабымен төрт жылға сотталған.

Жуырда елімізде Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық беру туралы заң қабылданды.