«Қазгидромет» РМК синоптиктері сәрсенбі, 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Өңірде 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 31 шілдеде найзағай ойнайды. 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, бұршақ түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 шілдеде найзағай ойнап, батыстан соққан желдің кей уақытта екпіні 18 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Таразда 30 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, сонымен қатар облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-шығысында солтүстіктен батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 30 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Түнде Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында да найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Петропавлда 30 шілдеде күндіз кей уақытта жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 30 шілдеде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі.
Астанада 30 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады.