Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлап отыр.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, бүгін «Молодёжный» шыңында жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды. Алматы тауларында 20 жастағы жігіт екі тәулікке жуық іздестірілді. Іздеу-құтқару операциясына төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы, құтқару қызметі, ТЖД арнайы апат-құтқару қызметі, Республикалық жедел-құтқару жасағы, кинологтар мен еріктілер тартылды.

Мәйіт табылған орынға баратын жолда мұздықтар бар болғандықтан, құтқарушылардың көтерілуі мен түсуі шамамен 5 сағатқа созылған. Қазір оқиға орнында Алматының полиция департаментінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің психологы жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ тікұшағы, 50-ден астам құтқарушы мен ерікті, сегіз ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон), сегіз техника, үш кинологиялық есеп жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында 20 жастағы жігіт іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.