Басты бетЖаңалықтарЕлімізде әр үшінші жұмысшы зейнетақы жарнасын аудармайды

Елімізде әр үшінші жұмысшы зейнетақы жарнасын аудармайды

Қазақстанда жұмыс істейтін адамдардың үштен бір бөлігі үшін зейнетақы аударымы жасалмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеп отыр.

Бүгінде жалақыны қолма-қол ақшамен алатын адамдар аз емес. Олар үшін тиісті зейнетақы жарналары аударылмайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың 30%-ға жуығы зейнетақы жүйесіне қатыспаған. Жекелеген секторларда еңбек нормативтерінің болмауы да көлеңкелі жұмыспен қамтудың сақталуына ықпал етіп жатыр, — деді Асқар Биахметов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үкіметтің есебі бойынша, биыл алты айдың ішінде жұмыссыздық деңгейі 4,6% болды. Жалдамалы жұмыскерлердің саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,1 миллион адам болды.