Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында құс фабрикасы өртеніп, бір адам қаза болды

Алматы облысында құс фабрикасы өртеніп, бір адам қаза болды

Алматы облысында құс фабрикасы өртенді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

ТЖД мәліметінше, 28 шілде күні М.Түймебаев ауылында құс етінен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорынның асханасынан өрт шыққан. Оқиға орнына дереу қалалық және облыстық ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған.

Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің үлкен аумақты шарпығаны анықталды. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі ер адамның мәйітін тапты. Ашық жалынды өшіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылды. 450 шаршы метр аумақта өрт толығымен сөндірілді. Жақын маңдағы нысандарға оттың таралуына жол берілмеді, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі ҚК 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.