Басты бетЖаңалықтарӘкімдердің жұмысын бағалау жүйесіне тағы бір талап енгізіледі

Әкімдердің жұмысын бағалау жүйесіне тағы бір талап енгізіледі

Премьер-министр Олжас Бектенов аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесіне тағы бір талапты енгізуді тапсырды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында жұмыспен қамту мәселесі қаралды.

Министрлер кабинеті 2030 жылға дейін 3,3 млн адамды, соның ішінде 2,3 жас маманды жұмысқа орналастыруға тиіс. Осыған байланысты премьер-министр аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесіне тағы бір талапты енгізуге тапсырма берді.

Келесі жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесін енгізу қажет. Ал цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен бизнестің деректерін біріктіріп, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыруға міндетті, — деді Олжас Бектенов.