Басты бетЖаңалықтарБүгін Атырауда ауа сапасы төмендейді

Бүгін Атырауда ауа сапасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 29 шілдеде түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.