Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 50-ден астам онлайн казино шоты бұғатталды

Қазақстанда 50-ден астам онлайн казино шоты бұғатталды

Бас прокуратурада заңсыз онлайн-казинолар мен құмар ойындарға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Оған ұлттық банк, туризм және спорт министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында интернетте кеңінен таралған заңсыз құмар ойындардан туындап отырған өзекті қауіптер талқыланды. Сонымен қатар қаржылық ағындарды бақылау және заңсыз ойын қызметіне тосқауыл қою жолдары қарастырылды. Қатысушылар бірлесіп, қадағалауды күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру бойынша тиімді тәсілдер әзірледі.

  • Онлайн-казиноларға ақша аудару үшін пайдаланылған 50-ден астам банк шоты анықталып, бұғатталды;
  • Заңсыз ойын бизнесі фактілері 22,2%-ға төмендеді (45-тен 32-ге дейін);
  • Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға цифрлық бақылау, қаржылық мониторинг пен тосқауыл қою бағытында қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Бас прокуратура ескертеді:

ҚР қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру  үшін:

  • мүлік тәркіленеді;
  • жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.