Алматы облысында демалыс күндері ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенуі фактілері болды. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлап отыр.
Алматы облысының ТЖД мәліметінше, сенбі-жексенбі күндері өңірдің өрт сөндіру қызметтері 80-нен астам қызметтік шақыртуға шыққан. Олардың қатарында — өрт оқиғалары, құрғақ шөптің жануы және іздестіру-құтқару жұмыстары бар.
Таулы аумақтарды қоса алғанда, жанған құрғақ шөптің жалпы аумағы 42 гектар болды. Азаматтардан «112» нөміріне — 1 200 қоңырау, «101» нөміріне — 588 шақырту келіп түсті, — делінген хабарламада.