Басты бетЖаңалықтар2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалады?

2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалады?

Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп демалысының жаңа бекітілген кестесін жариялады.

Оқу процесі 2 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілетін күні мен уақытын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді.

Бірінші тоқсанда оқуға сегіз апта беріледі. Күзгі демалыс 27 қазаннан 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін қоса алғанда 10 күнтізбелік күнге жалғасады.

Бірінші кластар 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында жеті күн қосымша демалады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 2026 жылғы көктемгі демалыс 19-29 наурызды қоса алғанда 11 күнге жалғасады.

Ал төртінші тоқсанда оқушылар сегіз апта оқиды. Оқу жылы 25 мамырда бітеді.