Басты бет Жаңалықтар Бүгін 2 қалада ауа сапасы төмендейді

Бүгін 2 қалада ауа сапасы төмендейді

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 28 шілдеде Алматы қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version