Басты бетЖаңалықтар28 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

28 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялап отыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның бірқатар аймағында найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары болады.

Елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, кей аймақтарда дауыл болып, бұршақ түсуі мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Күндіз Жетісу, Абай облыстарында, сонымен қатар Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық – +35…+38°C болады.

Жетісу облысының солтүстік-батысы мен орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық болады. Бұл өңірлерде термометр +41…+42°C дейін көтеріледі.