Басты бетЖаңалықтар26 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

26 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдерінің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Сонымен қатар солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз елдің орталығында қатты жаңбыр күтіледі, жекелеген аудандарда дауыл мен бұршақ жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Ал солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі, — делінген хабарламада.

Күндіз Жетісу облысында 35-39 градус, Алматы облысында 35-39 градус, Жамбыл облысында 38-40 градус, Түркістан облысында 40-41 градус, Абай облысында және Шығыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының солтүстік-батысында, орталығында 40-42 градус, Алматы облысының батысында, солтүстігінде 42 градус, күндіз Абай облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық болады.