Басты бетЖаңалықтарПеризат Қайрат пен анасынан қанша мүлік тәркіленді?

Перизат Қайрат пен анасынан қанша мүлік тәркіленді?

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаевадан мемлекетке тәркіленген мүлік тізімі белгілі болды.

Тәркіленген мүлік тізімі және қаржы көлемі:

  • Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй;
  • Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақтар;
  • Mercedes-Benz S450 2024 ж., Lexus LX 600 2024 ж;
  • Rebel Flowers ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
  • 97 миллион теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары тәркіленді.

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет әрі аса ірі көлемде жасалған алаяқтық, сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру әрекеті жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағымен, банк құжаттары және заттай толық дәлелденді, — деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов.

Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы мүгедек балаларға, сонымен қатар Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету мақсатында жиналған 3 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталды.

9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы кезінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Алайда ІІМ бұл мәлімдемесін жоққа шағырып, растаған жоқ.

Перизат Қайраттың сотынан тікелей эфир жүргізуге тыйым салынды.

Прокурор Арман Қызыкен Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын сегіз жылға соттауды сұрады.

Сот Перизат Қайраттың дүние-мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға, анасын жеті жылға бас бостандығынан айырды.