Басты бетPushПеризат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Елорда соты Biz birgemiz қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды.

Сот Перизат Қайраттың дүние-мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға, анасын жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл үкім соттағы негізгі тыңдау аяқталғаннан кейін шығарылды.

Соттағы жарыссөздер барысында прокурорлар айыпталушы үш эпизод бойынша да кінәсін мойындамағанын әрі жасаған ісіне өкінбегенін атап өтті.

Негізгі сот процесі 14 шілдеде басталған. Істе 51 жәбірленуші бар, ал іс құжаттарының көлемі 100 томнан асады.

Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы мүгедек балаларға, сонымен қатар Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету мақсатында жиналған 3 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталды.

9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы кезінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Алайда ІІМ бұл мәлімдемесін жоққа шағырып, растаған жоқ.

Перизат Қайраттың сотынан тікелей эфир жүргізуге тыйым салынды.

Прокурор Арман Қызыкен Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасын сегіз жылға соттауды сұрады.