29 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді, — делінген хабарламада.