Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеп отыр.
Марқұм Шерзат Болат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін бір жыл алты айға сотталған еді.
Ол бірінші сатыдағы үкім жазасын өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпай шарасы жойылып, қамаудан босатылды, — деді адвокат Мейірман Шекеев.
Оның тергеу изоляторында өткізген уақыты есепке алынып, соның негізінде түрмеден босап шыққан.
Еске салайық, 2024 жылғы 3 қазанда түнде 16 жастағы Шерзат Болат төбелес кезінде қаза болды. Іске қатысы бар тоғыз азамат сотталған болатын.