Басты бетЖаңалықтарТұрмысы төмен отбасыларды 110 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Тұрмысы төмен отбасыларды 110 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Алматы облысында тұрмысы төмен отбасыларды алдаған алаяқ сотталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Қаскелең қаласының 47 жастағы тұрғыны жоғары білімі болса да, ресми түрде ешқайда жұмыс істемеген. Бірақ бәріне өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, жағдайы төмен адамдарға арналған арнайы бағдарлама арқылы ипотекаға пәтер рәсімдеп беруге уәде еткен.

Осылайша, баспана алғысы келіп жүргендерді 110 миллион теңгеге алдап кеткен. Ақша берген адамдар екі-үш айдан кейін алданып қалғанын түсінген. Себебі ешқандай пәтер рәсімделмеген, алаяққа берген ақшасын қайтара алмаған.

Полиция күдіктіні бірден ұстады. Тергеу кезінде оның кінәсі толығымен дәлелденді. Сот үкімімен алаяқ төрт жыл сегіз айға бостандығынан айырылды.

Сотталған алаяқ жәбірленішулердің 75 миллион теңгесін қайтарып бере алмады. Сот оны ақшаның бәрін қайтаруға міндеттеді.