Басты бетЖаңалықтар25 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

25 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның барлық өңірінде 25 шілдеде күн күркіреп, қатты ыстық, шаңды дауыл мен екпінді жел болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Астанада найзағай, 15-20 м/с екпінді жел, жоғары өрт қаупі болады.

Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Жекелеген тұстарда тұман түседі, өрт қаупі жоғары болады.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында да найзағай күтіледі, +35…+36°C аптап ыстық пен жел болжанып отыр.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында +38…+42°C-қа дейінгі аптап ыстық, шаңды дауыл мен жел күтіледі. Өрт қаупі – аса жоғары.

Кызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау өңірлерінде бұршақ, шаңды дауыл, найзағай мен желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Актауда, Кызылордада, Атырауда өрт қаупі ерекше жоғары.

Алматы мен Шымкентте +40°C-қа дейін аптап ыстық сақталады.