Қазақстан мен Өзбекстан киіктерді сақтау бойынша келісімге келмек. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлап отыр.
2025 жылғы 22 шілдеде Өзбекстан Республикасы экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ресми ресурсында Өзбекстан мен Қазақстан арасында киікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға дайындық жүріп жатқаны туралы хабарланған. Меморандум жобасы жұмыс тәртібімен Қазақстан тарапына ұсынылды және қазіргі уақытта қаралу сатысында тұр, — делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, осы мәселенің табиғатты қорғау маңыздылығын ескере отырып, Меморандумның мазмұны екі елдің жауапты ғылыми мекемелері мен уәкілетті мемлекеттік органдарын тарта отырып, пысықтауды талап ететінін атап өткен жөн.
Сонымен қатар жануарлар дүниесі өкілдерін беру, сонымен бірге меморандум жасасу мәселелері мемлекетаралық санатқа жатады және тиісті деңгейде шешім қабылдауды талап етеді, — делінген хабарламада.