Басты бет Жаңалықтар Есірткіге тәуелді 17 мың адам диспансерлік есепте тұр

Есірткіге тәуелді 17 мың адам диспансерлік есепте тұр

Фото: 1tulatv.ru
Қазақстанда жарты жылда 6,4 тонна есірткі тәркіленіп, 17 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталған. Бұл туралы үкімет хабарлап отыр.

474 есірткі қылмыскері, оның ішінде 28 Telegram-канал әкімшілері ұсталған. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалған, оның үшеуі трансұлттық деңгейдегі топтар.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бүгінде диспансерлік есепте есірткіге тәуелділігі бар 17 мыңнан астам адам тұр.

Кейінгі бес жылда опиоидқа тәуелділер саны 1,5 есе азайған, керісінше синтетикалық стимуляторларға және есірткіні аралас қолдануға тәуелді боп қалған пациенттер саны артты, — деді министр.

Exit mobile version