Басты бетЖаңалықтарТоқаев ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

Тоқаев ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 49 адам болған: 43 жолаушы, оның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі. Барлығы қаза болды.