Басты бетЖаңалықтарРесейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ішінде 49 адам болған. Оның ішінде бес бала және алты экипаж мүшесі болған. Бұл туралы ТАСС хабарлап отыр.

Ұшақ Амур облысының көгінде ұшып бара жатқанда байланысқа шықпай қалған. Желіде тараған видеода ұшақтың фюзеляжы түсірілген. Қазіргі кезде ұшақ апатының себебі анықталып жатыр.

Техникалық ақау немесе адам факторы болуы мүмкін. Ықтимал себептерінің екі нұсқасы қарастырылып жатыр, — деп хабарлады ТАСС Ресей Федерациясының көлік басқармасының берген мәліметіне сүйеніп.